Зайсан көлінде су биоресурстарын қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді

Зайсан көлінде су биоресурстарын қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді

2025 жылғы 28 ақпаннан 2 наурызға дейін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Зайсан, Күршім, Көкпекті және Семей балық инспекцияларының инспекторлары «Төре Тоғам» ЖШС, «Дигам» және «Байтоғас» ӘКК қорықшыларымен бірлесіп Зайсан көлінде рейдтік іс-шаралар өткізді. Тексерулердің мақсаты «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуын бақылау болды.

Рейдтер барысында синтетикалық жеке мата жіптерден жасалған 279 заңсыз орнатылған балық аулайтын аулар анықталды және алынды. Балық аулау құралдарынан табылған тірі балықтар табиғи тіршілік ету ортасына қайта жіберілді.

Өңірдің су айдындарында бақылау іс-шаралары жалғасуда.