
Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қапшағай балық бөлімінің зертханашысы Сайлаш Сапарқызы Қалдаева «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Осы жылдар ішінде Сайлаш Сапарқызы өзін балық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті маман ретінде көрсетті. Оның тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі балық ресурстарын қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану бойынша ауқымды міндеттерді шешуге көмектесті. Ол нормативтік-құқықтық актілерді, экономикалық негіздемелерді әзірлеуге, сондай-ақ Алматы облысының балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысты. 23 жыл атқарған еңбек өтілінде «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Сайлаш Сапарқызын жоғары наградамен құттықтаймыз және көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтамыз! Сізге зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тілейміз!