
Сермагамбетов Серік Сағитжанұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Серік Сағитжанұлы 1965 жылы 29 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. "Экономист" (Алматы халық шаруашылығы институты) және «Заңгер» (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті) мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1988 жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы министрлігінің орталық материалдық-техникалық жабдықтау базасында бас экономист болып бастаған.
Әр жылдарда Қызылорда балық зауытының экономист-қаржыгері, әкім аппаратының аға инспекторы, Қызылорда қаласының әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Жалағаш және Арал аудандарының әкімі. Қызылорда облысы Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды.