Зайсан – Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Зайсан – Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Инспекцияның құзыретіне Жайсан көлі, Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен, Екібастұз су қоймалары, Сатпаев каналы, сондай-ақ  ШҚО әкімшілік шекарасы шегінде 61 су  айдындары,  Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар 34 су айдыны және  Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар 217 су айдыны берілген.

2024 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 1019 фактісі тіркелді. 920-ы жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 99-ы сот ісін жүргізу объектісіне айналды. Жалпы сомасы 21,9 млн теңге айыппұл салынды.

2024 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің шабақтарының 12 миллионнан астам данасы Жайсан, Сабындыкөл, Торайғыр көлдеріне, Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына жіберілді.

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша тауарлық балық өсірумен айналысатын 55 шаруашылық құрылды. Есепті кезеңде 2671 тонна балық өсірілді.