
Су айдындары инспекциясы: Жайық өзені, Қиғаш өзені, Каспий теңізі және Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті маңызы бар су айдындары. Батыс Қазақстан облысында- 117, Атырау облысында- 40, Маңғыстау облысында - 33 су айдындары.
2024 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 2237 фактісі тіркелді. 1248 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 138-ы сот ісін жүргізу объектісіне айналды. Жалпы сомасы 29,2 млн теңге айыппұл салынды.
2024 жылы бекіре балығының шабақтары 3 316 609 данасы шығарылды. Жайық және Қиғаш өзендеріне жіберілді.
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша тауарлы балық өсірумен айналысатын 43 шаруашылық құрылды. Есептік кезеңде 945,6 тонна балық өсірілді.