Жетісуда балық шаруашылығы саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді

Жетісуда балық шаруашылығы саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді

2025 жылғы 24 ақпанда Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде балық шаруашылығы саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге арналған брифинг өтті. Спикер –  Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары   Р.М. Құмашев балық аулау қызметін реттеудің қолданыстағы нормалары, су биоресурстарын қорғау жөніндегі шаралар, сондай-ақ заңсыз балық аулауға қарсы күреске бағытталған заңнамалық талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзуға жол бергені және белгіленген ережелерді сақтау қажеттілігі үшін көзделген жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Брифингке қатысушылар балық шаруашылығы саласындағы қызметке байланысты өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер, сондай-ақ заңнаманы сақтау бойынша ұсынымдар алды. Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және су биоресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге ықпал етеді.