
2025 жылдың ақпан айында Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдайлар бөлімімен және балық шаруашылығы субъектілерімен бірлесіп балық шаруашылығы су айдындарында аэрация жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын оттегімен қамтамасыз ету үшін 500-ден астам тесік бұрғыланды. Қыста суда еріген оттегінің болмауы балықтың қырылып қалуына әкелуі мүмкін.
Аэрациялық жұмыстар балық өлімінің алдын алу және өңірдің су айдындарында экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін тұрақты негізде жүргізіледі.