Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Инспекцияның құзыретіне Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстарының шегінде орналасқан халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары, Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені, Шардара су қоймасы, Үлкен Арал теңізінің солтүстік-батыс шығанақтары мен учаскелер кіреді. Арал-Сырдария бассейніне 305 балық шаруашылығы су айдындарын қамтиды, оның ішінде 249 су айдындары 193 балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген.

2024 жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 542 фактісі тіркелді, 528 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 4-і сот органдарына жолданды. Жалпы сомасы 10,484 млн теңге айыппұл салынды.

2024 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағалы балық түрлерінің шабақтарының 15 млн астам данасы Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі, Қамыстыбас көліне және Шардара су қоймасына жіберілді.

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша тауарлы балық өсірумен айналысатын 19 жаңа шаруашылық ашылды. Бүгінгі таңда 8082,4 тонна балық өсірілді.