Жетісуда Балқаш көлінде браконьерлік фактілері анықталды

Жетісуда Балқаш көлінде браконьерлік фактілері анықталды

2025 жылғы 13 ақпанда Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Қаратал аудандық балық инспекциясының инспекторлары Жетісу облысының полиция қызметкерлерімен бірлесіп Балқаш көлінде заңсыз балық аулауды анықтау бойынша рейд жүргізді.

Тексеру барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың екі фактісі анықталды. Балық ресурстарына едәуір зиян келтіруге әкеп соққан, тыйым салынған құралдармен балық аулағаны үшін екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұзушылардан 234 келі заңсыз ауланған балық және 130 метр моножіптер мен моноталшықтан жасалған аулар алынды. Олардың көлігі айып тұрағына қойылды.

Балық қорына алдын ала залал 1 285 705 теңгеге бағаланды.

Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.