Қарағанды облысында балықты құтқару бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Қарағанды облысында балықты құтқару бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Қыс мезгілінде мұз бен қардың қалың қабатына байланысты су айдындарында оттегінің жетіспеушілігі балықтың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін. Балықтың қырылып қалу құбылыстарының алдын алу үшін «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ инспекторлары «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізді.

4 және 11 ақпанда Қарағанды облысының су айдындарында, оның ішінде Абай және Бұқар Жырау аудандарындағы Керней, Луполов, Қойбас және Виктория бөгеттерінде мамандар 220 тесік бұрғылап, суды оттегімен қанықтыру үшін қамыс бауларын орнатты.Сондай-ақ, сорғыларды пайдаланып суды мәжбүрлі түрде аэрациялау жүргізілді.

Өңірдің су айдындарында балықтың қырылуын болғызбау бойынша жұмыстар жалғасуда.