
Инспекцияның құзыретіне Қарағанды және Ұлытау облыстарының шегінде Қ. Сәтпаев ат. каналының су тораптары, Нұра және Сарысу өзендері бассейнінің су айдындары кіреді. Бұл аумақ 224 балық шаруашылығы су айдындарына бөлінген, оның ішінде 120 су айдындары 92 балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген.
2024 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 228-ден астам фактісі тіркелді. 199 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 29-ы сот ісін жүргізу объектісіне айналды. Жалпы сомасы 4,02 млн теңге айыппұл салынды.
2024 жылы бағалы балық түрлерінің шабақтарының 13 миллионнан астам данасы жіберілді. Оған Қ. Сәтпаев ат. каналының су тораптары, Нұра өзені, жергілікті су айдындары жатады.
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша тауарлық балық өсірумен айналысатын 64 жаңа шаруашылық құрылды. Есепті кезеңде 1099,1 тонна балық өсірілді.