
Мұздың және қар жамылғысының қалыңдығына байланысты су айдындарына оттегінің жеткіліксіз мөлшері түседі, бұл балықтың қырылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының инспекторлары «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» ММ-мен бірлесіп резервтегі су айдындарында балықтың қырылу қаупіне қарсы іс-шаралар жүргізеді.
Қызылорда қаласының аумағында орналасқан су айдынында шұңқырларды бұрғылау, қамыс бауларын орнату және сорғыларды пайдалана отырып, суды мәжбүрлеп аэрациялау сияқты кешенді жұмыстар жүргізілді.