Шардара су қоймасында заңсыз балық аулау

Шардара су қоймасында заңсыз балық аулау

2025 жылғы 12 ақпанда Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің және Шардара аудандық полиция бөлімінің инспекторларының бірлескен рейдінде заңсыз балық аулау фактісі анықталды.

Шардара қ., Шардара су қоймасының №1 учаскесінде моторлы қайықтан 180-200 кг заңсыз ауланған балық алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  ҚР ҚІЖК-нің 179 және 184-баптарына сәйкес, оқиға Шардара аудандық полиция бөлімінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Су биоресурстарын заңсыз аулау экожүйеге зиян келтіретінін және заңмен жазаланатынын еске саламыз. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын сақтауға шақырамыз.