Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2024 жылғы қызметінің қорытындылары

Инспекцияның қарамағындағы су айдындары: Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және оның атырауы. Бұл аумақтар 178 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген, оның 131 учаскесі 51 балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген.

2024 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 462 астам фактісі тіркелді. 438 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 79 сот ісін жүргізу объектісіне айналды. Жалпы сомасы 10,9 млн теңге айыппұл салынды.

2024 жылы балық шабақтарының 2 миллионнан астам дана бағалы түрлері су айдындарына жіберілді. Бұл балық жіберуге Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі және Іле өзені жатады.

2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша тауарлық балық өсірумен айналысатын 70 жаңа шаруашылық құрылды. Есепті кезеңде 5382,51 тонна балық өсірілді.