Шығыс Қазақстан облысында браконьер ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында браконьер ұсталды

2025 жылғы 4 ақпанда Зайсан көліндегі (Жалтыр учаскесі) рейдтік іс-шаралар барысында Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылының заңсыз балық аулаумен айналысқан тұрғыны ұсталды. Тәртіп бұзушыны Зайсан балық инспекциясының қызметкерлері, Тарбағатай ӨКМ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары және «Байтоғас» ӘКК қорықшысы анықтады.

Тексеру барысында азаматтан синтетикалық монофиламенттен жасалған торлар және жалпы салмағы 100 кг заңсыз ауланған балық табылды, мемлекетке келтірілген залал 559 720,2 теңгені құрады.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.