Өңделген түрдегі балық экспортын арттыру Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақсаты болып табылады

Өңделген түрдегі балық экспортын арттыру Ауыл шаруашылығы министрлігінің мақсаты болып табылады

Балық өңдеу кәсіпорындарының қызметін талдау шикізаттың жетіспеушілігін анықтады, ал экспорттың жартысынан көбі мұздатылған өңделмеген балық.

Мәселен, бүгінде бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тоннадан асады, алайда олардың жүктемесі 40% құрайды.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 15 сәуірінен 15 қазанына дейін қөксерке мен жайын балықтарының экспорты өңделмеген күйінде шектелді, ол тағы жарты жылға ұзартылды (2024 жылдың 5 ақпанынан 5 тамызына дейін).

Тыйым салу аяқталғаннан кейін енгізілген шектеудің тиімділігіне талдау жүргізілді, бұл оны ұзарту қажеттілігін көрсетті.

Осыған байланысты Министрлік «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Өңделмеген балық экспортына шектеу қою балық ресурстарын сақтауға және орнықты пайдалануға, сондай-ақ шикізатты тиімдірек пайдалану есебінен рентабельділікті арттыратын, қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдері өндірісінің өсуіне ықпал етеді деп санаймыз.