Балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда

Балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда

2024 жылғы 8 қазанда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлерімен «Сағиева» ШҚ және «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС мамандарымен бірлесіп, «Соколок» арнасынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтжесінде 1 550 000 дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.

Жалпы алғанда балық шабақтарын құтқару жұмыстарына 15 адам қатысты, 2 жеңіл автокөлік және 1 ауыр техника (КамАЗ) тартылды.

2024 жылдың маусымынан бастап бөлініп қалған су айдындарынан - 121 165 595 дана балық шабақтары құтқарылды, оның ішінде Атырау облысында – 94 915 595 дана, Батыс Қазақстан облысында – 26 250 000 дана.

Бүгінгі күні Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда және Инспекцияның үнемі бақылауында.