Көкпекті ауданында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды

Көкпекті ауданында заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды
2024 жылғы 13 тамызда Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясы Көкпекті балық инспекциясы бөлімінің инспекторлары Көкпекті табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізу барысында, Жайсан көлінің тыйым салынған аймағында жалпы салмағы -230 кг болатын заңсыз балық аулаған азамат ұсталды.
Алдын ала келтірілген залал 1,2 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Осы баптың бөлігінде көзделген әрекеттерде мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.