Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді

Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді

Қарағанды облысында балық шаруашылығы белсенді дамып келеді. Нұра-Сарысу бассейнінде бір ірі балық питомнигі және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіретін бір кәсіпорын бар. Балық өнімділігін арттыру және табиғи су қоймаларының гидробиологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін 1974 жылы Солонички станциясының жанында Қарағанды балық питомнигі құрылды. Питомниктің негізгі міндеттері сапалы балық отырғызу материалын өндіру және су объектілерінің балық ресурстарын толықтыру болып табылады. «Қарағанды-осетр» ЖШС 2013 жылы құрылған және 2015 жылдан бастап толық қуатында жұмыс істейді. Сібір бекіресінің аналық табыны түріндегі өзіндік биологиялық активтері бар.