2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚР «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерді енгізу және өзгерту туралы» Заңы шеңберінде Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту қағидаларының жобасы және инвесторға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Қағида) әзірлеу және бекіту жөніндегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға уәкілетті органның құзыретін көздеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағида жобасын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарының әзірледі.
Қағидаға сәйкес балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобамен жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жүз елу мың еселенген мөлшері мөлшерінде балық шаруашылығы саласында жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі жоба көзделеді.
Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) резервтік қордың халықаралық және республикалық маңызы бар учаскелері бекітілетін болады, олар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылатын болады.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері инвестордың өтінімі бойынша және Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда берілетін болады. Сондай-ақ инвесторға біліктілік талаптары қойылады.
Жалпы, бұл тетік бизнесті дамытуға және балық шаруашылығы саласына инвестициялар тартуға оң әсер етеді.