
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті 2024 жылғы 1 маусымда Есіл өзенінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Акция экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға бағытталған. Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту болып табылады.
Экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге табиғатты сақтауға үлес қосайық!
Өзге де сұрақтар және БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) нөміріне 2024 жылғы 31 мамыр сағат 19:00-ге дейін хабарласу қажет.
Жиналу орны:01.06.2024 жыл, сағат 9:00.