«Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VII ҚРЗ щеңберінде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын және оларды айқындау әдістемесін уәкілетті органның құзыретінен алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, торлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жатқызуды НҚА-да белгіленген критерийлер негізінде айқындамай, паспорттау негізінде айқындау қажет.

Бұл бұйрықтың күшін жою Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметінде «таза парақтан»  жаңа реттеу саясатын енгізуді іске асыру шеңберінде балық шаруашылығы субъектілерінің жұмысын жақсарту үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты, кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұл жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаулардан өтті. Бұйрық жобасының толық мәтінімен осы сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15000193.