ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті 2024 жылғы 25 мамырда Есіл өзенінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Акция экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға бағытталған. Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту болып табылады.
Экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге табиғатты сақтауға үлес қосайық!
Өзге де сұрақтар және БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) нөміріне 2024 жылғы 24 мамыр сағат 19:00-ге дейін хабарласу қажет.
Жиналу орны: 25.05.2024 жыл, сағат 9:00.
Сілтеме:https://yandex.ru/navi/?whatshere%5Bpoint%5D=71.590894%2C51.095416&whatshere%5Bzoom%5D=18&lang=ru&from=navi