Балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша семинар

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша семинар
 Астанада 2024 жылғы 3 мамырда ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы байланыстар және әріптестік бюросы ұйымдастырған семинарда Қазақстанда «Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ішкі балық аулау мен акваөсіруді қайта құру» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
        Жоба акваөсіруді орнықты дамыту тұрғысынан нормативтік-құқықтық және институционалдық базаны жетілдіру, құн тізбегіне (шикізаттан бастап түпкілікті өнімге дейін) тұтас көзқарасты қоса алғанда, қосылған құнға бағдарланған өндіріс стратегиясын іске асыру, сондай-ақ ішкі және халықаралық нарықтарда қазақстандық балықтың оң имиджін ілгерілету арқылы Қазақстанда акөсіруді дамыту жөніндегі ұлттық мақсаттарды қолдайды.