Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларына өзгерістер енгізілед

Бүгінгі таңда балық аулау үшін ірі балық шаруашылығы учаскесін пайдаланған кезде пайдаланушылар учаскенің бір бөлігін тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын (ТҚБӨШ) жүргізу үшін пайдалануға ниет білдіреді.

Бұл ретте, бүгінгі таңда «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға сәйкес биологиялық негіздеме болған кезде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар екенін атап өткен жөн.

Алайда балық шаруашылығы субъектілері аударымның жеке тәртібін қарастыру мәселесін көтереді.

Осыған байланысты, аударма ережелеріне өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасы әзірленді. Бұйрық жобасында көзделген тәртіп балық шаруашылығы су айдынының немесе кәсіптік балық аулау үшін бекітілген учаскенің бір бөлігін жеке паспорт әзірлеп, 49 жылға шарт жасасып, ТҚБӨШ жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдынына немесе учаскеге ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаулардан өтті. Бұйрық жобасының толық мәтінімен осы сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15001714.