
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 19 қарашада Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін резерват құруды жеделдетуді тапсырды.

Осыған байланысты ағымдағы жылы Атырау және Маңғыстау облыстарының су аумағы шегінде Каспий теңізінің cолтүстік бөлігінің акваториясында мемлекеттік табиғи резерват құрылатын болады.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті Каспий
итбалығының популяциясын сақтау үшін жаңадан құрылатын мемлекеттік табиғи резерваттың атауы бойынша барлық мүдделі тұлғалардан ұсыныстар күтеді.

Бұл ретте МТР-тың ұсынылған атаулары оның орналасқан өңірімен, қорғау объектісімен, тарихи тұлғалардың аттарымен тақырыптық байланысты болғаны жөн.

Осы ұсыныстарды 2024 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей осы хабарландыруға ескуертулерде МТР атауының мәтінін мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру арқылы енгізу қажет.

Сіздің белсенді өмірлік ұстанымыңызбен қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи ресурстарды сақтауға қосқан үлесіңіз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз.