ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті 2024 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың 14 ақпанында Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарын балықтандыру бойынша қызметтерді сатып алуға конкурстар жариялағанын хабарлайды.
Атап айтқанда, Іле өзені мен Балқаш көлін тұқы тұқымдас балықтардың біржазғы шабақтарын жіберу жоспарлануда.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні - 14.02.2024 ж.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні - 29.02.2024 ж.
Конкурстық құжаттамалармен
www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталында іздеуге 210240006811 Комитеттің БСНін енгізу арқылы танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты + 7 (7172) 74-10-61 телефоны бойынша алуға болады.