Су айдындарын конкурстық негізде балықтандыру туралы хабарландыру Балық өсірушілердің назарына!

Су айдындарын конкурстық негізде балықтандыру туралы хабарландыру  Балық өсірушілердің назарына!
ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті 2024 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың 9 ақпанында Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс, Есіл, Нұра бассейндерінің су айдындарын балықтандыру бойынша қызметтерді сатып алуға конкурстар жариялағанын хабарлайды.
Шардара, Қапшағай, Бұқтырма су қоймаларына, Зайсан, Алакөл көлдеріне және Есіл, Нұра өзендеріне тұқы тұқымдас балықтардың біржазғы шабақтарын жіберу жоспарлануда.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні - 09.02.2024 ж.
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні - 26.02.2024 ж.
Конкурстық құжаттамалармен www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталында іздеуге 210240006811 Комитеттің БСНін енгізу арқылы танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты + 7 (7172) 74-10-61 телефоны бойынша алуға болады.