СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
⚜️2024 жылғы 25 қаңтарда Балық шаруашылығы комитеті төрағасы Н.Жүнісов төрағалығымен комитет басқармалары, облысаралық инспекциялар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен жиын өткізілді.
🔰Негізгі мақсаты – әдеп мінез-құлықтарының нормаларын сақтау және инспекторлық құрам мен бағынысты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің көрінуіне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақытылы жүргізу.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу маңыздылығына ерекше көңіл аударылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, пара алу және беру үшін жауапкершілік жүйесі туралы айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартарды қалыптастыру және сақтау туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шараларының өткен жылғы қорытындысы қаралып, 2024 жылы атқарылатын міндеттер мен назар аударуды талап ететін басым бағыттар айқындалды.
​​ 📌Жиын соңында, облысаралық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге, ішкі талдау жүргізу сапасын арттыруға және түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.