
Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамаларды электрондық нысанда беру тәртібін регламенттеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізді (2024 жылғы 3 ақпаннан бастап заңды күшіне енеді).

Бұл әуесқой балықшыларға тіркеу уақытын едәуір қысқартуға және
билеттерді тез сатып алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда балық шаруашылығы субъектілерінің әуесқойлық балық аулауға жолдама беру бойынша қызметтерді қағаз түрінде де, электрондық форматта да ұсынуға мүмкіндігі бар.

Алайда, балық шаруашылығы субъектілері көп жағдайда тапқырлығын және цифрландыру дәуірінде уақытпен қатар жүретінін ескере отырып, таңдау жолдамаларды іске асыру процесін автоматтандыру пайдасына жасалады деп сенеміз.

Осыған байланысты балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерін пайдаланушылар tabigat.gov.kz платформасында тіркеуге құқылы «Табиғи ресурстардың интерактивті картасы» ақпараттық жүйесі арқылы балық шаруашылығы су айдындарында әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамаларды электрондық нысанда ресімдеуге болады.