🐟Балық шаруашылығын дамыту 2023 жылдың қорытындысы

🐟Балық шаруашылығын дамыту   2023 жылдың қорытындысы
 
 
🔶Акваөсіруді дамыту шаралары:
- Мемлекет басшысының балық саласын қолдауға қатысты тапсырмасын орындау үшін балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін, су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау түріндегі қосымша мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ балық жөніндегі инвестициялық жобаларға бюджеттік кредит беру мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізілді;
- «Акваөсіру туралы» Заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді;
- Акваөсіру өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 4,5 есе (400 млн. теңгеден 1,8 млрд. теңгеге дейін) және инвестициялық субсидиялардың көлемі 2,5 есе (750 млн. теңгеден 2,0 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды;
- 2023 жылдың 11 айында балық шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемінің 2 есе өсуі байқалады, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 10,4 млрд. теңгеден 20,2 млрд. теңгеге дейін өсті;
- Балық өсіру шаруашылықтарының саны негізінен көл-тауарлы және тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін табиғи су айдындарын беру есебінен 380-ден 502 шаруашылыққа дейін ұлғайды;
- 200-ден астам жұмыс орнын құра отырып, инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 74 млрд. теңге және балық өндіру көлемі 17 мың тонна болатын 20-дан астам ірі инвестициялық жоба іске асырылуда;
- 2023 жылдың 11 айында балық шаруашылығы субъектілері 16 мың тоннадан астам тауарлы балық өсірді.
 
🔶Балық ресурстарын қорғау шаралары:
-Ішкі істер министрлігімен 2023-2025 жылдарға арналған Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында браконьерлікпен күрес жөніндегі бірлескен жоспар бекітілді. Жоспар аясында Каспий теңізінде бірлескен рейдтер жүргізіліп, бақылау күшейтілді. Нәтижесінде 700-ге жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 13 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды, 46 қылмыстық іс қозғалды;
- Көктемгі және күзгі кезеңдерде батыс өңірде «Бекіре» балық қорғау акциясы, ал қалған өңірлерде – «Уылдырық шашу» табиғат қорғау акциясы өткізілді;
- Балық қорғау заңнамасының 5200-ден астам құқық бұзушылығы анықталып, 90 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 76 қылмыстық іс қозғалып, заңбұзушыларға 73 млн. теңге сомасына талап қойылды. Заңсыз пайдаланылған 3000-нан астам балық аулау құралдары, 100-ге жуық жүзу құралдары тәркіленді;
- Балық қорғау жұмыстарын күшейту үшін 30 бірлік автокөлік пен 7 жүзу құралы, 356 нысанды киім-кешек жиынтығы, 267 планшет, 327 бейнекамера, 248 рация, 16 қарда жүретін көлік, 3 квадроцикл, 135 бинокль, 5 түнгі көру құралы, 5 қайық қозғалтқышы, 165 электрондық таразы, 30 шатыр, 38 квадрокоптер, 258 байланыс құралдары және навигация, 38 эхолот және 38 оксиметр алынып, материалдық-техникалық база толықтырылды;
- Мемлекет басшысының Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін ЕҚТА құру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылданды. Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді. Резерватты 2024 жылы құру жоспарлануда;
 
🔶Балықты қайта өңдеуді дамыту шаралары:
- Көксерке мен жайын балықтарының экспортына 6 ай мерзімге шектеулер енгізілді, бұл балық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда шектеулерді қайта енгізу мүмкіндігі қолдау тапты;
- Балық аулауды және өңдеуді жүзеге асыратын субъектілер үшін ҚҚС 70% - ға төмендетілді, сондай-ақ балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау енгізілуде;
- 2023 жылдың 10 айында 20 мың тоннаға жуық балық және балық өнімдері шамамен 70 млн. АҚШ долларына экспортталды;
- Отандық балық өңдеу кәсіпорындары балық өнімдерінің 100-ден астам түрін әлемнің 21 еліне экспорттайды. Олардың ішінде ең ірі тұтынушылар Ресей, Германия, Нидерланды, Литва және Қытай.
 
🔶Балық ресурстарының өсімін молайту шаралары:
- 100 млн.дана балық шабақтары өсіріліп, табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25% - ға артық.
- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ауыр еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының негізгі салалық қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына 100% қосымша ақы белгіленді;
- Мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарын сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген балық түрлерін (арал пілмайы және арал қаязы) жасанды өсіруге қайта бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде;
- Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Атырау қаласындағы Мемлекеттік бекіре зауытының өндірістік базасын жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.
 
🔰Заңнаманы жетілдіру шаралары:
Құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мақсатында бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасында (2023 жылғы 27 желтоқсанда Парламент Мәжілісі қабылдады) балық шаруашылығын жүргізуді оңайлату және әкімшілік кедергілерді жою бойынша бірқатар өзгерістер көзделген.
Сонымен, қарастырылған:
- биологиялық негіздемелерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы алып тастау;
- жергілікті маңызы бар су айдындарында жыл сайын емес, үш жылда бір рет ғылыми зерттеулер жүргізу;
- инвестициялық жобаларды конкурссыз іске асыру үшін су айдындарын бекіту;
- су қорғау белдеуінде балық өсіру шаруашылықтарына қызмет көрсету объектілерін салуға рұқсат беру;
- бекітілген су айдынына іргелес жерлерді балық өсіру объектілерін орналастыру үшін конкурстық рәсімдерсіз беру.
 
🐟Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар саланың инвестициялар үшін тартымдылығын арттырады, балық өнімдерін өндіру мен экспорттаудың өсуін, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді және халықтың балықты тұтынуының өсуіне ықпал ететін болады.