
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қарауға қабылданды.

Акваөсіру – балық, моллюскалар, шаян тәрізділер және басқа да су жануарлары жататын
акваөсіру объектілерін өсіруге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет.

«Акваөсіру туралы» Заң жобаның мақсаты жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және қауіпсіз өнімді өсіру көлемін ұлғайту арқылы акваөсірудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Жалпы, Заңның қабылдануы саланың инвестициялар үшін тартымдылығын арттыруға, балық өнімдерін өндіру мен экспорттаудың өсуін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың балық тұтынуын арттыруға мүмкіндік беред