Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитеті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды.

Балық шаруашылығы комитетінің нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі талданады. Тексеру Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адамдар талдау анықтамасын дайындайды, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.