Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбековтың Жамбыл облысына жұмыс сапары

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбековтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбеков 2023 жылдың 22 қарашасында жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.
Төраға орынбасары жұмыс сапары барысында Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу мәселелерін қарастырып, балық шаруашылығы бойынша инвестициялық жобалармен танысты.
Жұмыс сапары нәстижесінде, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына облыстағы балық шаруашылығын дамыту аясында атқарылуы тиіс жұмыстар мен алдағы басым міндеттерді атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.