Министр Е. Нысанбаев Түркістан облысындағы балық өсіру шаруашылықтарымен танысты

Министр Е. Нысанбаев Түркістан облысындағы балық өсіру шаруашылықтарымен танысты
Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардара қаласындағы тор қоршамада балық өсіру және тоған балық шаруашылығына барды.
▫️Балықтардың тұқы түрлерін өсіретін тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы Шардара су қоймасының учаскесінде орналасқан, қуаттылығы жылына 600 тонна балық, онда 10 адам жұмыс істейді. Осы жылы тор қоршамада 400 тонна балық өсірілді.
▫️Қызылқұм каналының жанындағы тоған балық өсіру шаруашылығында тұқы тұқымдас балық түрлерінің шабақтары өсіріледі, қуаттылығы жылына 2 млн. дана шабақ. Тоған шаруашылығында 25 адам жұмыс істейді. Осы жылы шамамен 1,7 млн дана балық өсірілді.
▫️Сондай-ақ, тоғандарда қуаттылығы жылына 500 тоннаға дейін тауарлық балық өсіріледі, бүгінде шамамен 220 тонна тауарлық балық өсірілді.
▫️Кездесу барысында балық өсіру шаруашылықтарының басшылары министрге атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы хабарлады. Өз кезегінде экология Министрі балық шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, балық өсірушілерге жұмыста табыс тіледі