Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Түркістан облысының балық өңдеу кәсіпорындарының қызметімен таныст

Экология және табиғи ресурстар министрі  Е. Нысанбаев Түркістан облысының балық өңдеу кәсіпорындарының қызметімен таныст
🔹Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Н. Нысанбаев бірқатар балық өңдеу кәсіпорындарын аралады.
🔹Атап айтқанда, Министр балық аулап оны қайта өңдейтін балық шаруашылығы субъектісі «Жалғасбаев» ЖК балық өңдеу зауытында болды. Балық өңдеу зауыты 2016 жылы құрылды. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: мұздатылған балық және филе. Өндірістік қуаты жылына 1000 тонна. Өткен жылы 667 тонна балық өнімі өндіріліп, 601 тонна экспортталса, осы жылдың он айында 472 тонна балық өнімі өндіріліп, 437 тонна экспортталды.
🔸Сондай-ақ, Министр «Хамит» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытының қызметімен танысты, оның өнімі біздің республикада ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де сұранысқа ие.
🔸2006 жылы құрылған өндірістік кәсіпорын бүгінде 250-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Шығарылатын өнім Еуропа елдеріне экспортқа бағытталған.
🔸Өндірістік қуаттылығы жылына 6000 тонна балық өнімі. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері балық ұны, балық филесі, кептірілген және ысталған балық өнімдері. Өткен жылы 1925,0 тонна балық өнімі өндіріліп, 1540,0 тоннасы экспортталса, осы жылдың он айында 1848,0 тонна балық өнімі өндіріліп, 1478,0 тоннасы экспортталды.
🔹Балық өңдейтін екі кәсіпорында Еуро стандарттарының жоғары талаптарына сәйкес келеді және балық өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттауға құқылы.
🔹Зауыттарды аралау барысында Министр балықтың ішкі тұтынуын арттырудың, сондай-ақ экспорттық әлеуетті және импортты алмастыруды одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті.