Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен және Экология және табиғи ресурстар министрінің төсбелгісімен марапатталды.
Елеулі жетістіктері мен елімізге сіңірген айрықша еңбегі үшін Балық шаруашылығы комитетінің ардагері Елена Степановна Уховаға және Малик Достаевич Умурзаковқа «Құрмет» ордені және төраға орынбасары Алмас Серікбайұлы Асылбеков пен «TMT Group» ЖШС-нің директоры Марлен Тұрсынәліұлы Тұрсынға «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.
Сонымен қатар, аумақтық инспекциялар мен ведомстволық мекемелерге Экология және табиғи ресурстар министрінің «Құрмет» грамотасы және Комитет төрағасының «Алғыс хаты» табысталды.
Әріптестерімізді мемлекеттік наградаларымен және төсбелгілерімен құттықтаймыз.
Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.