
2022 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысының Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Каспий теңізінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті ҚР ІІМ және ҰҚК бөлімшелерімен бірлесіп, Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарында бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашуы
кезеңінде жыл сайын «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізеді.

Ағымдағы жылы «Бекіре-2023» балық қорғау акциясын өткізу барысында 669 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, құқық бұзушыларға 15,7 млн.теңге сомасында айыппұл салынды, 36 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейнінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу жөніндегі шараларды күшейту мақсатында экология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктері браконьерлікке қарсы күрес және балық ресурстарын сақтау бойынша қосымша жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Мәселен, ЭТРМ және ІІМ 2023 жылғы 3 наурызда Жайық-Каспий бассейні акваториясында браконьерлікке қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Бүгінгі күні бірлескен жоспар шеңберінде Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде 737 құқық бұзушылық анықталды, 691 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шамамен 13 млн.теңге сомаға айыппұл салынды, балық қорғау заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 46 қылмыстық іс қозғалды.

Осы бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Браконьерлікпен күресті күшейту мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы үшін 2022-2023 жылдары 7 автокөлік, 84 планшет, 16 термопринтер, 116 нысанды киім-кешек жиынтығы және құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған 110 арнайы жабдық (бейнетіркегіштер) сатып алынды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімдігінен 2023 жылдың қазан айында Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасына «Toyota Hilux» маркалы екі автокөлік берілді.

Осыған қоса, ағымдағы жылдың соңына дейін инспекцияны қайық моторларымен, квадроциклдермен, түнгі көру аспаптарымен, автокөлік құралдарымен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, бинокльдермен, рациялармен, GPS трекерлерімен жабдықтау жоспарлануда.