Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы

Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалу барысы туралы
🔸Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын уақтылы және сапалы орындау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолданыстағы заңнаманы талдау негізінде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына жаңғырту жүргізу туралы Жол картасын бекітті.
🔸Жол картасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 569 (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) қаулысын іске асыру үшін 2023 жылғы 15 ақпанда Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытына Атырау бекіре балық өсіру зауытын қосу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталды.
🔸Бұдан әрі, 2023 жылғы 20 наурызға дейін бейінді мамандармен бірлесіп зауыттың өндірістік объектілеріне барып ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізуге техникалық тапсырма дайындалды.
🔸Ағымдағы жылдың маусым айында зауыттардың ғимараттары мен құрылыстарының сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық зерттеулер әзірленіп, техникалық қорытындылар ұсынылды.
🔸Бұдан басқа, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытын жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында ағымдағы жылдың 5-6 мамырында ЭТРМ өкілдері жаңғыртуды және реконструкциялауды талап ететін зауыттың ғимараттары мен құрылыстарын түгендеу үшін Атырау қаласына барды.
🔸Ведомстволық бағынысты ғылыми ұйым әзірлеген өндірістік қуаттылықты ұлғайту үшін бекіре тұқымдас балықтардың аналық табындарының қажеттілігін және негізгі компоненттердің санын (тоғандар, бассейндер, инкубациялық аппараттар, тұйық сумен жабдықтау қондырғылары және т. б.) анықтауды көздейтін балық өсіру-биологиялық негіздеме және техникалық қорытынды негізінде зауытпен бірлесіп 2023 жылғы 14 маусымда зауытты жаңғырту тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық тапсырма бекітілді.
🔷Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жеткізушілерді анықтау бойынша конкурс өткізілуде. Жол картасына сәйкес жұмыстар жалғасуда.