2023 жылғы 28 қыркүйекте Балық өнеркәсібі VI Халықаралық форумының және балық өнеркәсібі, теңіз өнімдері және технологиялар көрмесінің іскерлік бағдарламасының (Global fishers Forum & Seafood Expo Russia 2023) аясында «Біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында акваөсіруді дамыту. Қиындықтар мен шешімдер» атты конференция өтті. Конференция жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өкілдерімен қатар ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов қатысты.
Комитет төрағасы конференцияға қатысушыларды Қазақстандағы балық шаруашылығының дамуы және отандық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Конференция барысында бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында салалық бизнесті қолдау мен дамытуға, албырт балықтарының балық отырғызу материалын жеткізуді дамытуға, генетикалық материалмен алмасуға, еуразиялық кеңістікте жоғары тиімді құрама жемді әзірлеу мен өндіруге, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылға, акваөсіру үшін заманауи жабдықтарды әзірлеуге, өндіруге және пайдалануға бағытталған жаңа ұсыныстарды енгізу мәселелері талқыланды.