2023 жылғы 25-27 аралығында Ресей Федерациясының төрағалығымен Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 7-шы отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, 2024 жылға арналған жалпы рұқсат етілетін аулау бойынша ұсынымдар қабылданды және бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталары (көлемдері) келісілді.
Бұдан басқа, тараптар бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.
Отырыс аяқталғаннан кейін Каспий маңы мемлекеттері қорытынды хаттамаға қол қойды.
Сонымен қатар, бүгін ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов Балық өнеркәсібі VI Халықаралық форумының және балық өнеркәсібі, теңіз өнімдері және технологиялар көрмесінің іскерлік бағдарламасының (Global fishers Forum & Seafood Expo Russia 2023) ашылу салтанатына қатысты.