БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛМАС СЕРІКБАЙҰЛЫ АСЫЛБЕКОВТЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛМАС СЕРІКБАЙҰЛЫ АСЫЛБЕКОВТЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА  ЖҰМЫС САПАРЫ
📍Балық шаруашылығы комитеті төрағаның орынбасары Алмас Асылбеков 2023 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында Арал ауданына жұмыс сапармен барды.
🔖Жұмыс сапары барысында, Қызылорда облысы Арал өңіріндегі балық шаруашылығын дамыту жөніндегі дөңгелек үстелге және «Балықшылар слеті» мерекелік іс-шарасына қатысып, Арал ауданындағы Aral Sea Food» ЖШС-ның «Балық қалдықтарын қайта өңдеу цехы» жұмысымен танысты.
🐟Биыл айдынды өлкеде «Балықшылар слеті» жетінші рет сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысуымен өткізілді. Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Экология және табиғи ресурстар министрінің арнайы құттықтау хатын табыстады.
🐠«Арал өңірі балықшыларының VII-ші слеті» аясында Арал өңіріндегі балық шаруашылығын дамыту жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Жиында балық шаруашылығы саласында жұмыс атқарып жүрген ғалымдар, мемлекеттік органдар және табиғат пайдаланушылар, балық шаруашылығы ардагерлерімен пікір алмасып, проблемалық мәселелері талқыланды.
🐟Балық шаруашылығы саласы Арал ауданында жыл санап дамуда. Бүгінде бірнеше жыл бұрын құрылған «ARAL SEA FOOD» ЖШС-нің балық өнімдерін тереңнен өңдеу және пластикалық қайықтар шығару цехы іске қосылуда.
Сонымен қатар, «Қамыстыбас» қазыналық кәсіпорны жұмыстарымен және Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында шаруашылық жобаралырмен танысты.
🔖Жұмыс сапары нәтижесінде , Алмас Асылбеков Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрамымен жиын өткізіп, алдағы атқарылатын жұмыстармен басым міндеттерді айқындап, бірқатар тапсырмалар берді.