Қ. Сәтбаев атындағы каналдың резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі қайта конкурс өткізу туралы

Қ. Сәтбаев атындағы каналдың резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі қайта конкурс өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 29 қыркүйегінде сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Қ. Сәтбаев атындағы каналдың резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
🔰Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
🔹Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін Қ. Сәтбаев атындағы каналдың келесі учаскелері конкурсқа қойылады:
1) № 1 су торабы;
2) № 2 су торабы;
3) № 3 су торабы;
4) № 4 су торабы;
5) № 5 су торабы;
6) № 6 су торабы;
7) № 7 су торабы;
8)№ 8 су торабы;
9) Екібастұз су қоймасы
Конкурсқа шығарылатын учаскелер он жылға кәсіпшілік балық аулау шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.
🔹Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып, тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ, қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
🔹Кәсіпшілік балық аулау шаруашылығын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) Балық шаруашылығы су айдындарында конкурс өткізу туралы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
🔰Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 11 қыркүйегімен 29 қыркүйек аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
☎️Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7182) 60-79-01, 8 (775) 819 81 03