
2023 жылғы 8-9 тамызда «Каспий итбалығы популяциясының жағдайы - қазіргі таң және болашақ» тақырыбында халықаралық вебинар өткізілуде.
Вебинарға Каспий маңы елдерінің ғылыми ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ АҚШ-тың ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Вебинардың мақсаты каспий итбалықтарының популяциясын зерттеу және сақтау, сондай-ақ каспий итбалықтарын зерттеу және сақтау тәсілдерін
жетілдіру үшін әртүрлі елдермен тәжірибе алмасу болып табылады.
Осындай іс-шараларды өткізу осы бірегей су жануарларын сақтау мәселелерінде бірлескен ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал етеді.