Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 23 тамызда сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Каспий теңізінің бесінші балық шаруашылығы ауданының № 1А резервтік балық шаруашылығы учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы - 15 525 теңге.

Учаскелердің бастапқы бағасы - 103 500 теңге.
Конкурсқа шығарылатын учаскелер 49 жыл мерзімге тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып тіркелу қажет (
www.gosreestr.kz):
✓ жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
✓ заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
✓ кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
✓ байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.

Шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
• салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
• конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы.

Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 3 тамызы мен 23 тамыз аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7122) 21-27-42, 8 (705) 132 68 15