Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскесін бекіту жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы

Бұқтырма су қоймасының резервтік учаскесін бекіту жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы
🔊Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 10 тамызында сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Бұқтырма су қоймасының резервтік № 19.1 учаскесін бекіту бойынша конкурс қайта өтетінін хабарлайды.
🔹Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
🔹Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы - 15 525 теңге.
🔹Учаскелердің бастапқы бағасы - 103 500 теңге.
📌Конкурсқа шығарылатын учаскелер 20 жыл мерзімге тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
🔹Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
🔹Шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
• салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
• конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
• тауарлық балық өсіруді жоспарлау кезінде даму жоспарларында бекітілген көлемдерден жоғары, балық шаруашылығы су айдыны және (учаскесі) үшін конкурсқа қатысушы ұсынған түпкілікті бағаға әрбір 10 тонна үшін ұсынылған бағаны 1%-ға ұлғайту көзделеді.
📌Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 26 шілде мен 10 тамыз аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
☎️Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7232) 24-34-77, 8 (771) 179 70 62