Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбековтың Ақтау қаласына жұмыс сапары

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбековтың Ақтау қаласына жұмыс сапары
 
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының опынбасары Алмас Асылбеков 2023 жылғы 24-26 шілде аралығында жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды.
 
Мақсаты - балық шаруашылығын дамыту және өзекті мәселерді талқылау.
Жұмыс сапары барысында балық шаруашылығын дамыту және саланы дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен хабардар ету мақсатында балық шаруашылығы субъектілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы, өңірдің балық өңдеу секторын одан әрі дамыту, су айдындарында балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу мәселелері, сондай-ақ балық саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және субсидия алу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша балық шаруашылығы субъектілері балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
 
Сондай-ақ, А. Асылбеков азаматтардың жеке мәселелерін талқылау мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Сонымен қатар, «Nataly Company» африкалық жайын өсіруші кәсіпорыны, «Кәусар бұлақ» ауылшарушылық кооперативі (тоғанда балық өсіру шаруашылығы) «Казах осетр» ғылыми өндірістік кәсіпорыны және «Аташ Фиш Пром» балық өңдеу цехі, «Каспий Алтын балық» сондай-ақ «CaspyAltynBalyk» бекіре тұқымдас балық өңдеу жобасы жұмыстарымен танысты.
 
Жұмыс сапары нәстижесінде, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына облыстағы балық шаруашылығын дамыту аясында атқарылуы тиіс жұмыстар мен алдағы басым міндеттерді атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.