Алакөл көлінің резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі конкурс өткізу туралы

Алакөл көлінің резервтік учаскелерін бекіту жөніндегі конкурс өткізу туралы
🔊Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 10 тамызында сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Алакөл көлінің резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.
Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.
🔻Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін Алакөл көлінің келесі учаскелері конкурсқа қойылады:
🔻Абай облысы бойынша:
1) Емель уч. – Жалдыозек, Хатынсу №9 (№3-5);
2) Залив Малый Алаколь уч. - Жарбулак № 8 (1-2);
3) Коктал уч., Зеленка №10 (№6-7);
4) Херсон уч. (😎.
🔻Жетісу облысы бойынша:
1) 16 -разьезд уч.;
2) Акши уч. – Коктума пос. № 6;
3) Жайпақ уч., Железодор. мост Жайпак, Черная коса № 5 (№9-11).
Конкурсқа шығарылатын учаскелер 10 жылға дейінгі мерзімге кәсіпшілік балық аулау шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.
🔻Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып, тіркелу қажет (www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ, қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
🔻Кәсіпшілік балық аулау шаруашылығын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
4) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
📌Ескертпе қайта өңдеу балық шикізатын өңдеуді білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.
📍Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
☎️Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7277) 22-38-11, 8 (771) 453 22 35