Балық шаруашылығы субъектілерінің Қытай Халық Республикасына балық және балық өнімдерін экспорттау мәселесі бойынша

Балық шаруашылығы субъектілерінің Қытай Халық Республикасына балық және балық өнімдерін экспорттау мәселесі бойынша
2023 жылғы 17 мамырда Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын су өнімдеріне инспекция, карантин және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.
Бұл хаттама балық шаруашылығы субъектілері мен балық өңдеу кәсіпорындарына балық және балық өнімдерін Қытай Халық Республикасына экспорттауды ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Экспортты жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынымдарына сәйкес Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының тізілімінде тіркелуге тиіс. Кәсіпкерлік субъектілерін Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізу алгоритмі Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған:
https://www.gov.kz/.../fishery/documents/details/489341...