2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23-00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті.
Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды.
Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты.
Ақпарат түскен сайын жаңартылады.